Жаңалықтар

ІІМ Алматыда көз жұмған 12 жастағы қыздардың өліміне қатысты пікір білдірді

istockphoto.com

Қыздар 16 қыркүйек күні тоғыз қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен.

Ішкі істер министрінің орынбарасы Игорь Лепёха екі қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл – суицид. Өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша іс қозғалды. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын», - деді Лепёха Мәжіліс кулуарында.

Қаза тапқан қыздардың бірі суретші Балқия Мұхамеджанова мен белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы болып шықты.

Қыздар құрбы болған. №25 мектептін 7-ші сыныбында оқыған.