Қазақстанда мопед жүргізетіндер тіркеуден өтуге міндеттеледі
Тиісті заң сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Депутат Евгений Больгерттің сөзінше, бұған дейін мәжілісте қабылданған «Жол жүрісі туралы» көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру туралы" заң мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеуден өткізуді енгізеді.
«Қолданыстағы стандартқа сәйкес, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын мопедтер тіркеуге жатады. Қарастырылып жатқан заңға сәйкес, барлық мопедтер (қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын) тіркеуге жатады», – деді депутат.
Заңда мопедті басқару құқығы А1 кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады. Сондай-ақ А және В санаттары бар азаматтар да мопед басқара алады