Спорт

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

ҰОК. Фото авторы: Сали Сабиров

48 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды.

Париж Олимпиадасының қатысушысы Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді.

48 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды.

Әлемдік рейтингті моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавуудорж бастап тұр. Біздің Әбиба төртінші орыннан көрінді. Ал, үздік бестікті франциялық Ширин Букли аяқтап тұр.