Жаңалықтар

«Өмірмен қоштасып жатқан едім»: Мақпал Жүнісова халыққа алғыс айтты

instagram/zhunusova.makpal

Әнші қолдап, жылы сөздерін жазып жатқан халқына алғыс білдірді.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова атышулы видеосынан, тыңдармандарының қолдауын сезгенін айтты.

Өнер иесі бір аптадан кейін жеке парақшасына видео жариялап, сағынышқа толы әндерін бөлісті. Әнші одан кейін қолдап, жылы сөздерін жазып жатқан халқына алғыс білдірді.

Сіздердің қолдауларыңыз мені жамандықтан сақтады. Өмірмен қоштасып жатқан едім. Көрер жарығым бар екен. Кешіріңіздер, жақсыларым! Енді еркелемей тыныш жүремін. Бәріңізге басымды иіп алғыс айтамын!, – деп жазды әнші.