Қарқаралы ауданында карантин енгізілді
Қауіпті індетті алғаш анықтаған шаруа иесі бірден мал дәрігеріне хабар бермегені үшін, әкімшілік жазаға тартылды.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы шаруа қожалық иелерінің ірі қара малы қауіпті дерт жұқтырған. Осыңан орай індет ошағына карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Бүгінде 14 ірі қара бас жойылды. Аталған жерден малдың өнімі мен етін шығаруға тыйым салынады.
Қарасан – тек ірі қара малға топырақ арқылы жұғатын бұлшық ет ауруы.
Қауіпті індетті алғаш анықтаған шаруа иесі бірден мал дәрігеріне хабар бермегені үшін, әкімшілік жазаға тартылды. Карантин 14 күнге жалғасады.
Ауруға қарсы іс-шараларды республикалық отряд жүргізеді. Шаруа қожалықта дезинфекциялық жұмыстар жүреді. Ауруға тән мал жасына байланысты екпелер жасалады. Бүгінде өлім тоқтады деп айтса болады, - деді АШМ ветеринариялық бақылау комитеті облыстық инспекциясының жетекшісі Ержан Бекетбаев.