Жаңалықтар

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің әкесі дүние салды

Энергетика министрлігі

Майдан Әбдіғалиұлы Сәтқалиев 1943 жылы Алматы облысы Қоғалы ауылында дүниеге келген.

1962 жылы Киев халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, екінші курсында әскерге шақырылады. Кейін оқуын жалғастырып, 1969 жылы қаржыгер мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы облысының салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік статистика органдарында, аға оқытушы, деканның орынбасары, партия ұйымының хатшысы, Алматы халық шаруашылығы институтының Қаржы кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.

1997 жылы Астанаға көшкеннен кейін Қазақ аграрлық университетінің Қаржы кафедрасының доценті қызметін жалғастырды.

Банк ісі бойынша оқулықтың және Қазақстан қаржысына арналған бірқатар мақалалардың авторы.

Ол Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының «Алтын Бүркіт» орденімен марапатталды, сонымен қатар басқа да марапаттарға ие болды.