Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысына қалың қар түсті

фото: голос народа

Былтыр өңірде алғашқы қар тамыз айында жауған болатын

18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылына алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Голос народа.

Ауыл Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, сол жағалауында орналасқан. Ол арқылы Үлкен Нарын-Рахманов бұлақтары автожолы өтеді.

Катонқарағайда түнде температура -2 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.

Айта кетсек, былтыр Шығыс Қазақстан өңіріне алғашқы қар тамыз айында жауған болатын. Таңғы уақытта Белуха тауының маңына түскен.