Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Алматы облысының «Жағалау» оқу полигонында ҰҚШҰ-ның командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Алматы облысының «Жағалау» оқу полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің әскери контингенттері қатысады.
«Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.
Әскери құрамалар 18 қыркүйектен бастап Алматы және Жетісу облыстарының аумағына темір жол және автомобиль көлігімен жеткізіліп жатыр. Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімшелер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтайтын болады.», - делінген хабарламада.