Түркістандық келіншек телефон қолдану білмейтін бақташының атына 1 млн теңге несие рәсімдеген
Оқиға Сайрам ауданында болған. Жәбірленуші азамат полицияға арыз жазған.
Бақташы болып жұмыс істейтін азамат смартфонды қалай қолданатынын білмей, ауруханада кездескен келіншектен көмек сұраған, деп жазады turkystan.kz.
«Жас келіншек кейбір қосымшаларды орнатамын деп жеке куәлігін сұрап алып, банк қосымшасы арқылы оның атынан несие рәсімдеген. Түскен ақшаны өз шотына аударып алған. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады. Ол ақшаны өз қажетіне жұмсаған», - делінген полиция хабарламасында.
Қазір күдікті ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.