Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды

18 қыркүйек, 2024 / Інжу Әлихан
Аңсаған Балтабеков. Фото gov.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Президент өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылған болатын.

Тэгтер:

Ұлттық ұлан басшы