Жаңалықтар

Семейде екі бұзауды Жигулиге тиеп алған азамат ұсталды

видеодан скриншот

Абай облысының тұрғыны екі бұзауды Жигули автокөлігінің салонына тиеп алған.

Оның көше кезіп жүрген сәтінің видеосы әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.