Тауар биржалары микро және шағын бизнес санатынан шығарылмақ
Тауар биржаларының тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітеді, оған көмір, бидай, мұнай және бірқатар азық-түлік өнімдері кіреді.
Мемлекеттік бақылауды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де кеңейтеді: ол биржалық саудаға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізіп, тауар биржаларын лицензиядан айыруға және оларды тоқтатуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар Үкімет конкурстық негізде әлеуметтік маңызы бар биржа тауарларының саудасы жүзеге асырылатын тауар биржаларының тізбесін айқындайды. Тауар биржаларының тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітеді, оған көмір, бидай, мұнай және бірқатар азық-түлік өнімдері кіреді.
Қазір 9 биржаның 8-і – микро кәсіпкерлік субъектілерінің қатарында. Ал мұндай биржалардың жылдық айналымы 2 трлн теңгеге дейін жетеді. Яғни, бұл – олар айтарлықтай салмағы бар экономикалық институт деген сөз. Ал микро және шағын бизнесте салық саясаты да – басқаша, мемлекет бақылауы да – өзгеше, мемлекеттің қолдау шаралары да – бөлек. Ал, дәл қазір биржалар шағын шаштараз, дүкендермен қатар тұр. Сондықтан, биржаларды енді қызмет түріне қарай жіктегенде, микро және шағын бизнеске жатқыза алмаймыз, кіріс көлеміне қарай ірі немесе орта бизнеске жатқызылатын болады, – деп түсіндірді депутат Екатерина Смышляева.