Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар іс жүзінде жұмыс істемеген адамға заңсыз жалақы есептеу арқылы 3,4 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мемлекеттік қызмет қызмет атқару құқығынан өмір бойына және 2 жылға бас бостандығынан айырылды.