Жаңалықтар

Петропавлда өрт шықты: 220 адам эвакуацияланды

Сурет: ТЖМ

Петропавл қаласында көпқабатты үйден өрт шықты.

Петропавлдық құтқарушылар 220 тұрғынды құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграмм парақшасында жарияланды.

ТЖМ мәліметінше, Петропавл қаласындағы Парковая көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз өртенді.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен үш адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады.

Өрт толығымен сөндірілді, өрттің себебі анықталуда.

Бір адам ауруханаға жатқызылды.