Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік кісі өлімі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақсукент ауылында мас күйдегі ер адамдар жас жігітті аяусыз ұрып-соғып, өлтірген.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиғаға дейін олар марқұмның көлігін тартып алып, Шымкентке барған. Қылмысқа қатысушылардың бірі соққыға жығылған жас жігітті видеоға түсіріп, оны анасы мен досына жіберіпті.