Жаңалықтар

Алматыда ер адам автобусқа тапаншамен кірген

Алматы қаласы ПД

Полиция депаратментінде әлеуметтік желідегі мониторингтен соң, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Желіде Алматыдағы № 106 автобусқа тапанша ұстап мінген жолаушының бейнежазбасы тарады. Қалалық полиция департаменті видеодағы азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.

Полиция депаратментінде әлеуметтік желідегі мониторингтен соң, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

«Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін айтып, ойыншық болып шыққан қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.