Спорт

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа тағы бір көлік сыйға берілді (ВИДЕО)

Ғұсман Қырғызбаев. Фото: instagram/turkistan_judo_federation

Ал Түркістан облысы дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізген.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері көлік пен жылқы мінгізді.

Түркістан облысы дзюдо федерациясының ақпаратынша, Темірлан ауданының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевты салтанатты түрде қарсы алған. Жерлестері дзюдошыға автокөлік сыйласа, Түркістан облысы дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізген.

Еске салсақ, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.