Шығыс Қазақстан облысында «Есіктен есікке» акциясы басталды
АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба.
ШҚО-да АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында АЭС-ті қолдауға арналған үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба»,- дейді халықтық штаб мүшесі Александр Светаш.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазан күні АЭС салуға қатысты жалпұлттық референдум өтетіндігін айтқан болатын. Атом электр станциясы тұрақты және қауіпсіз қуат көзі. Сондықтанда тұрақты болашағымыз үшін дұрыс шешім қабылдайық.