Жаңалықтар

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы басшысы сотталды

istockphoto.com

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы басшысы Е. лауазымын асыра пайдалана отырып, 2019 жылдың қараша – желтоқсан айларында сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша А-ны аға жаттықтырушы лауазымына заңсыз тағайындап, 19-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін оны Вальтеллина (Италия) аймағына іс-сапарға жіберіп және жалпы сомасы 113 млн теңгеден астам жалақы, іс-сапар шығындары мен материалдық пайданы заңсыз алуына ықпал еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚК 361-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша үкім шығарды.

Сотталушы мен оның қорғаушылары оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ екенін айтып, ақтауды сұраған.

Сот үкімімен Е. кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.