Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Ұлы туған анасын өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті - жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.