Жаңалықтар

Алматы әкімдігі екі қыздың өлімінен кейін күтпеген шешім қабылдады

istockphoto.com

Алматыда шатырға шығуға тыйым салынды

Алматыда екі жасөспірім қыздың өмірін қиған жантүршігерлік оқиғадан кейін әкімдік көпқабатты үйлердің шатыры мен шардағына кіруге шектеу қою жөнінде шешім қабылдады. 

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың барлық органдарына қауіпсіздік шараларын күшейту, оның ішінде шатырға кіруді шектеу жөнінде хат жолдады», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бөлім аудан әкімдіктерімен, үгіт-насихат жетекшілерімен және белсенді тұрғындармен бірге шатырға кіруге шектеуді тексеру үшін көпқабатты тұрғын үйлерді аралауды бастады. 

Тексеру нәтижесі актіде тіркеледі.

Бұдан былай шатырға басқарушы компанияның рұқсатымен ғана кіруге болады», — деп қосты әкімдіктегілер.