Қазақстанда жаңа әуежай салынады
Қазақ- неміс бірлескен жобасы аясында әуе айлағы салынады.
Жаңа әуежай Жетісу облысындағы «Қорға -Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында салынады, деп хабарлады turkystan.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап.
Тиісті құжатқа Германия Канцлерінің Қазақстанға ресми сапары аясында көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен SKYHANSA басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды.
Қазақ-неміс бірлескен жобасы 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 500 млн доллардан басталатын жеке инвестициялар сомасына үш кезең арқылы іске асырылады деп жоспарланған.
«Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді», — деді Азаматтық авиация комитеті.
Жоба халықаралық әуежай салудан басқа, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құруды, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытуды қамтиды.
Бүгінде Жетісу облысының әкімдігі құрылыс үшін жер телімін бөлген. Инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін инвестор іске асыруға кіріседі.