Қоғам

«Еркіндік жетіспейді»: Ләйлә Сұлтанқызы телевизия болашағы жайлы айтты

сурет ашық дереккөзден алынды

Ләйлә Сұлтанқызы «Zamandas» подкастында сұхбат берді.

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отандық телевизия жайлы сөз қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы Қанат Бейсекеевтің «Отандық телевизияның болашағы бар ма?» деген сұрағына жауап берді. 

«Кейде қарның ашады, кейде ренжиді екенсің. Бірақ қаншама адам жұмыс істеп жатыр. Қаншама адам отбасын асырап отыр. Жасап жатқан дүниелері жаман деп айта алмаймын ғой. Жақсы дүниелер өте көп. Бірақ сендермен жарыса алмайды. Себебі телевизия саласындағы мамандарға сендердің еркіндіктерің жетпейтін шығар. Мүмкін кәсібилік жетпейтін шығар. Монтаждың өзінде көп дүние жатыр. Қазір бір тез ойлайтын жағдайға жетіп қалғанбыз. Бір минутта бір кітап оқып тастайтын жағдайға жеттік», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от kana beisekey (@beisekeyev)