Құрылысына 2 млрд теңге жұмсалған мектеп қирап қалды
Алматы облысында мектеп қирап қалған.
Алматы облысының Іле ауданында 7 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген мектеп құлап қалған, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазір 3000-ға жуық бала көрші ауылдардағы мектептергде оқуға мәжбүр.
Ал әкімдік ғимаратты күрделі жөндеуге қайта 800 миллион теңге бөлмек. Бірақ ата-аналар мұндай шешімге қарсы. Себебі ғимарат сапасыз салынған және балалардың өміріне қауіп төндіреді. Ал Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, кінәлілер жауапкершілікке тартылып, құрылыс компаниясына қатысты іс қозғалады. Бұл мектептің оқушылары Боралдай кентіндегі №17 және №54 орта мектептерінде білім алатын болыпты. Қазіргі уақытта білім ордасын қалпына келтіру және жаңғырту процесі жүріп жатыр дейді.