Қазақстанда АЭХА зерттеу реакторлары бойынша халықаралық конференциясы өтуі мүмкін
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас конференциясының 68-ші сессиясына қатысты.
ҚР Энергетика министрі конференция аясында бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ пленарлық отырыс барысында баяндама жасады.
Өз сөзінде А.Сәтқалиев 2024 жылы республиканың АЭХА-ға қосылғанына 30 жыл толатынын атап өтті.
«Осы жылдар ішінде біз Агенттіктің қамқорлығымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану идеясын дәйекті түрде қолдадық және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігерге белсенді үлес қостық», – деді Министр.
Қазақстан өз тарапынан атом өнеркәсібін дамытудағы теңгерімді көзқарасты ұстанады және таратпау режимін нығайтуға өз үлесін арттыруға дайын.
Үлбі металлургия зауытының аумағында АЭХА-ның бірегей Төмен байытылған уран банкі табысты жұмыс істеуін жалғастыруда, онда мүше мемлекеттер үшін соңғы шара ретінде төмен байытылған уран отынының (ТБУО) стратегиялық қоры сақталады.
Сондай-ақ, ел жоғары байытылған уран отынын төмен байытылған уран отынына айналдыруға бағытталған ғылыми-зерттеу реакторларын конверсиялау жобаларын іске асыруды жалғастыруда, осылайша оның таратпау саясатын ұстанады.
Адамдардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуда атом өнеркәсібі де маңызды рөл атқарады. Радиофармацевтикалық препараттар қатерлі ісік, жүрек-тамыр және неврологиялық ауруларды қоса алғанда, ауруларды диагностикалауда қолданылады. АЭХА техникалық ынтымақтастық жобасы аясында Қазақстанның Ядролық физика институты радиофармацевтикалық препараттарды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
"Ядролық зерттеу реакторлары мен радиофармпрепараттар өндірісі саласындағы жинақталған тәжірибемізді назарға ала отырып, мен АЭХА-мен бірлесіп Қазақстандағы зерттеу реакторлары бойынша келесі халықаралық конференцияны өткізуді ұсынғым келеді", – деді Министр конференцияда сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрі қатысушылардың назарын АЭХА бір өзекті мәселеге аударды.
Қазір АЭХА-ға мүше 14 мемлекет Басқарушылар кеңесі мен Бас конференцияға сайлану негізгі құқығынан айырылуын жалғастыруда.
"Қазақстан соңғы бас конференцияда мүше мемлекеттердің басым көпшілігі қабылдаған Агенттікте егеменді теңдікті қалпына келтіру туралы қарарға бастамашы болды. Ол қабылданғаннан бері аумағы шектеулі мүше мемлекеттер саны 17-ден 14-ке дейін қысқарды, бірақ мәселе таусылған жоқ. Осыған байланысты біз мүше мемлекеттерді осы қарарды және өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырамыз", – деді А.Сәтқалиев.