Жаңалықтар

«Наркозға дайындап жатыр»: Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсіп қалды

Айнұр Тұрсынбаева. Фото: instagram/aidyn_nury

Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен видео жариялады.

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр бергенін айтып, қатерлі ісікке күдік бар екенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен видео жариялады.

«Үш-ақ сағаттық ұйқымен ауруханаға келдім. Менің медициналық тексеруден өтіп жүргенімді білесіздер. Маған қатерлі ісікке күдік бар деп айтқан. Биопсия тапсырдым. Бірақ таза шықты. Аллаға шүкір! Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр. Ауырмаңыздар!», – деп жазды айтыскер ақын.