T-LIFE

"152 жылға тең": Әлемдегі ең кәрі мысық жан тапсырды

сурет: daily.afisha.ru

Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Лилаға мысығын әлемдегі ең қарт мысық ретінде ұсыну туралы кеңес берген.

Ұлыбританияда әлемдегі ең қарт мысық ретінде танылған Рози 33 жасында жан тапсырды. 

Рози Норидж есімді мысықтың жан тапсырғанын оның иесі, Норфолк қаласының тұрғыны Лила Бриссетт хабарлаған. Лила, 73 жастағы жанашыр қожайын мысығының соңғы сағаттарында жанынан табылған.

Мысық 33 жыл жасаған, бұл адам жасына шаққанда 152 жылға тең, – деп жазды басылым.

Өткен жылы Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Лилаға өзінің сүйікті мысығын әлемдегі ең қарт мысық ретінде ұсыну жайлы кеңес берген, бірақ ол өтінішті бермеген.