Жаңалықтар

Арқалықта полицейлер кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды

polisia.kz

Әйел адам тереңдігі 4 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен.

Су деңгейі беліне жеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Қарин шұғыл әрекет еткен.

– Мен қызметтік көліктен құтқаруға арналған арқанды алып, оны кәріз құдығына тастадым. Әйелден оны кеудесіне байлауын сұрадым. Ол кісіге де оңай болмады, бірақ сонда да менің айтқанымдай істеді. Кәріз құдығынан оны ақырындап сыртқа шығарып алдық, – дейді ол.

Патрульдік полиция қызметкерлері Руслан Капсаматов пен Мұрат Жамалиев көмекке келіп, әйелді қызметтік көлікке отырғызып, қалалық ауруханаға жеткізген.

– Осы құдықтың жанындағы үйде тұрамыз. Үйден күйеу баламмен бірге жұмыстармен шыққанбыз. Мен ағаш тақтайшалармен жабылған кәріз құдығын байқамадым. Туысым оны айналып өтті, ал мен дәл кәріз құдығының үстінен басып, құлап кеттім, – деді зардап шегуші.

Оның қабырғасы сынған.