Жаңалықтар

Степногорскте мекеме бухгалтері 40 млн теңге жымқырған

Қала прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады.

Мекеме бухгалтері екі жыл бойы депозиттегі ақша қаражатын мақсатсыз жұмсаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік сатып алу қатысушысы емес басқа тұлғаға заңсыз ақша аударған.

Келген шығын көлемі 40 млн теңгені құрады.

ҚР ҚК 190-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды.