Жаңалықтар

Баян Алагөзова екі қызының дүниеге келуіне көмектескен Салтанат Байқошқароваға алғыс айтты

Жақында Баян Мақсатқызының Алиса және Алма есімді қыздары өмірге келген болатын.

Продюсер үлкен қызы Алисаны қырқынан шығарды деп, жазады turkystan.kz.

Inbusiness.kz мәліметіне сүйенсек, продюсер жақындарының басын қосып, өнердегі әріптестерін шақырған.  Қонақтарының арасында танымал ЭКҰ дәрігер, репродуктолог Салтанат Байқошқарова да болған.

«Қымбатты менің қонақтарым, қош келдіңіздер! Қыздарым да осы жерде екен. Ең қадірлі қонақ Салтанат Байқошқарова, қош келдіңіз. Енді жасырудың қажеті жоқ. Біздің сүйікті таңғажайып дәрігеріміз. Салтанат Берденқызы, қазір төрде отырасыз», – деді Баян Мақсатқызы.

Дәрігер де сәбилерге тілек білдіріп, ата-ана атанған өнер өкіліне алғыс айтты.

«Мені төрге шығарыпты. Ыңғайсызданып та отырмын. Гүлжамал ханым отыруы керек еді. Бірақ отбасылық кеңес менің отыруымды шешіпті. Керемет қуанышқа толы күн. Алиса – болашақ шоу-бизнес жұлдызы. Алма әкесінен аумай қалған. Болашақта зауыт директоры болады», – деді дәрігер.