Жаңалықтар

Кәсіпкерлер Париж олимпиадасына барған спортшыларға тағы да көлік мінгізді

видеодан скриншот

Кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Жұмабек Жанықұлов жомарттық танытты.

Олар Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке, қола жүлде алған Назым Қызайбайға, бокстан күміс жүлде алған Нұрбек Оралбайға және Нұрбектің бауыры Айбек Оралбайға көлік мінгізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елдос Сметовке - Mercedes-Benz GLE, Назым Қызайбайға Mini Cooper, ағайынды Нұрбек пен Айбектің әрқайсына Toyota Pradо автокөлігін сыйға тартқан.

Сырымбек Тау фейсбук желісіндегі парақшасында көліктерді көрсетті.