Дзюдодан Қазақстан командасы Хорватияда екі алтын алды
Бірінші орынды Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) екінші орынға тұрақтады.
Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирін екі алтын медальмен аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде австриялық Мария Холвартқа есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан еншісінде үш медаль бар. Бірінші орынды Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) екінші орынға тұрақтады.