Президент ҰҚК төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты

16 қыркүйек, 2024 / Админ
gov.kz: Руслан Сейсембав пен Асқар Әмірханов
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; 

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК