Щучинскте 12 жастағы қыз 5-қабаттан құлап кетті
Оқиға 14 қыркүйекте болған.
Щучинск қаласында оқушы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.
12 жастағы қыз қазір ауруханада жатыр.
Ақмола облысы Бурабай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға Щучинскте 14 қыркүйекте болған.
«Бұған дейін 12 жасар қыздың бесінші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.