Қоғам

Ақтөбеде тұрғын полицей киімін киіп, жұртты тонаған

Sputnik / Владислав Воднев

Ол көшеде кетіп бара жатқан ер адамға жақындап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжаттарын көрсетуді сұраған

Ақтөбеде өзін полицеймін деп таныстырып, елдің жеке затын алып қашып кеткен ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол көшеде кетіп бара жатқан ер адамға жақындап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжаттарын көрсетуді сұраған.

Бейтаныс адам қорқып кетіп, қолында құжаттары болмағандықтан, телефоны арқылы цифрлық куәлігін көрсеткен. Жалған полиция қызметкері құжатты көру үшін телефонды қолына алып, ары қарай қашып кеткен.

Тағы бір жағдайда, өтіп бара жатқан адамнан қымбат сымсыз құлаққаптарын көреді. Ол өзін сол сценарий бойынша полиция қызметкері ретінде таныстырып, дәл осындай құлаққаптар бұрын ұрланғанын айтады да imei кодын салыстыруды сұрайды. Содан ол полиция бөліміне баруды ұсынады, бірақ жолда таксиге қоңырау шалып, қашып кетуге тырысты. Құлаққап иесі жалған полицейдің әрекетін түсініп, жүргізушіден тоқтауын өтінеді, алайда ұры қашып үлгереді.