Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады

Видеодан алынған кадр

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында бөлісті

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады.

"Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады. Өйткені мен әкеме кезекті жаңа көлік сыйлаймын. Бұл себепсіз сыйлық. Ал әкем ешнәрсе білмейді, қазір үйге қонаққа шақырдым. Осылай ата-анаңызды себепсіз қуанту әрқайсыңызға бұйыра берсін. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, әйтеуір 2-3 жыл сайын көлік жаңартамыз. Құдайға шүкір", - деді ол.