Астанада жол жөндеп жатқан жұмысшылардың бірі мерт болды
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі Өндіріс көшесінің бойымен Ақбидай көшесіне қарай келе жатқанда болған
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі Өндіріс көшесінің бойымен Ақбидай көшесіне қарай келе жатқанда болған.
"Ер адамды қағып кеткеннен кейін, Lada жолдың қарсы бетіне шығып KIA Sportage көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Kia Sportage-нің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін олар үйіне босатылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал жүргізуші Астана қалалық ПД-ның тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.