Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

15 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
Видеодан алынған кадр
Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайы анықталып жатыр

Жол апаты Жезқазған-Сәтбаев тасжолында болған, деп хабарлады Ұлытау облысы ПД.

Мәлімет бойынша, Daewoo Nexia және Жигули автомобильдері соқтығысқан. Зардап шеккен жолаушылар Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасында жатыр.

Зардап шеккендердің үшеуі - травматология бөлімінде, біреуі - нейрохирургияда.

Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Жол апаты Ұлытау облысы