Жаңалықтар

Жел, шаңды дауыл: Бүгін ауа райы қандай болады?

istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Қазгидромет 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, түнде және таңертең оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.