Жаһан

Әйел адам өзін жұмыстан шығарып жіберген бастығын ұрлап әкетіп, ақша талап еткен

istockphoto.com

Мадхья-Прадеш штатының Сатна қаласындағы компанияны басқаратын Ашиш есімді басшы өзінің қарамағындағы Шикха Сингхпен белгілі бір жұмыс мәселесі бойынша дауласып қалған. Дау жанжалға ұласып, әйел ақыры жұмыстан қуылған

Үндістанда басшысы жанжалдан кейін жұмыстан қуып жіберген қаржы мекемесінің қызметкері, оны туыстарының көмегімен ұрлап әкеткен. Сосын экс-басшысынан ақша талап етіп, азаптаған.

Stan.kz сайтының мәліметінше, Мадхья-Прадеш штатының Сатна қаласындағы компанияны басқаратын Ашиш есімді басшы өзінің қарамағындағы Шикха Сингхпен белгілі бір жұмыс мәселесі бойынша дауласып қалған. Дау жанжалға ұласып, әйел ақыры жұмыстан қуылған.

Сол күні Ашиш жұмыстан қайтып келе жатқанда бейтаныс адамдар шабуыл жасаған. Олар басшыны күштеп мотоциклге отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Көп ұзамай ер адамның отбасына ұрлаушылар телефон соғып, оны босату үшін 200 мың рупий (1 миллион142 мың теіге) талап еткен.

Туыстары Ашиштың Колгаван ауылында қамауда екенін біліп, дереу полицияға хабарласқан. Ұрлаушылар бұл іске құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысы барын білгенде, ер адамның отбасын қорқытып, қатты соққыға жыққан. Ашиш тез табылғанымен қылмыскерлер қашып үлгерген. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ашиштің сөзінше, бұл оқиғаға Сингхті жұмыстан шығарып жібергені себеп болған. Оны ұрлаушылар осылай кек алмақ болыпты. Әйелдің ұрлау ісін күйеуімен бірлесіп жасағаны белгілі болды. Полиция Сингхке, оның күйеуі мен сыбайластарына іздеу жариялады.