Ақтауда бір мектепте 30 егіз бала білім алады
Жалпы, бір мектепте 30 егіз оқушы білім алады екен. Көпшілікті тәнті еткен мектеп табалдырығын биыл 7 егіз балақай аттады
Жалпы, бір мектепте 30 егіз оқушы білім алады екен. Көпшілікті тәнті еткен мектеп табалдырығын биыл 7 егіз балақай аттады. Үшеуі – қазақ, қалған оқушылар орыс сыныбына қабылданды. Асыл мен Айым 4-сыныпқа аяқ басты. Бір партада отырып, үй тапсырмасын бірге орындайды.
"Бізге бірге оқыған ұнайды. Біз өскенде екеуміз де дәрігер боламыз. Жасым 9-да. Мен цифрлық пән сабағын қатты ұнатамын", – дейді оқушы Асыл Хамидолла.
"Маған егізім қатты ұнайды. Ол маған қажетті кезде көмектесіп жүреді. Маған математика сабағы ұнайды. Сабағымды 4 пен 5-ке оқимын", – дейді оқушы Айым Хамидолла.
Ал, Роберт пен Маргарита биыл 5-сыныпқа барды. Ұл бала болашақта ІТ саласын бағындыруды армандаса, қыз бала: "Ұстаз боламын", – дейді.
"Сыңарыммен бір балабақшаға бардық. Қазір бір партада отырамыз. Сабақта бір-бірімізге білгенімізді айтып отырамыз", – дейді Роберт Кошевой.
"Бауырым мені үнемі қолдап, көмектесіп жүреді. Орыс тілі және әдебиет пәнін ерекше ұнатамын", – дейді Маргарита Кошевая.
Ақтаудағы №10 мектепте 2 213 бала оқиды. Ұстаздар: "Түрлі сыныпқа барған 30 егіздің сабақ үлгерімі жақсы", – деп отыр.
"Мектепте алғашқы жұмысты 1983 жылы бастадым. Сол уақыттың өзінде менде егіз балалар болды. Енді биылғы оқу жылы да ерекше болды. Біздегі қазақ-орыс сыныбында 7 егізіміз бар", – дейді бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Мәдиева.