Жаңалықтар

Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды: балалар зардап шекті

istockphoto.com

Жол апатынан 2008 және 2012 жылы туған екі қыз зардап шеккені белгілі болды

Ақтауда Автодром ауданында жол апаты болып, балалар зардап шекті.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық қызмет көрсету станциясы оқиға 13 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын хабарлады. Жедел жәрдем шақырту туралы хабар сағат 21:07-де түсті.

Жол апатынан 2008 және 2012 жылы туған екі қыз зардап шеккені белгілі болды. Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.