Алматыда жардан құлаған жүк көлігі жер үйді қиратты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Алматының Медеу ауданында бетон таситын жүк көлігі жардан құлап, жеке үйге соғылды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 13 қыркүйек 20:00 шамасында болған.
Жүк көлігінің жүргізушісі Каменский үстіртіндегі Қайнар көшесімен келе жатып, көліктің өз бетінше қозғалуына жол бермеу шараларын қолданбаған. Соның салдарынан ауыр жүк көлігі оңтүстік бағытта өз бетінше кетіп қалып, үйдің қоршауына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтауға кірісті, - делінген хабарламада.