Жаңалықтар

Екі науқастың жағдайы ауыр: Қарағандыда газ жабдығы жарылып, үш адам күйіп қалды

ТЖМ

Оқиға 13 қыркүйек сағат 14:37-де Қарағандыдағы Пригородная көшесінде жер үйде болған

Қарағандыда газ тарсылынан екі адам реанимацияға, біреуі комбустология бөліміне түсіп қалды.

Оқиға 13 қыркүйек сағат 14:37-де Қарағандыдағы Пригородная көшесінде жер үйде болған. Газ гольдерді толтыру кезінде кенеттен атылған.

Апаттар медицинасы орталығының шұғыл бригадасы оқиға орнында бір адамға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Екі науқас реанимацияға жатқызылды, жағдайы ауыр. Үшінші пациент комбустиология бөлімінде, орташа ауыр жағдайда. Үш пациенттің де термиялық күйігі бар, реанимациядағы науқастардың жасы — 21 және 52-де.