Жаңалықтар

Павлодарда 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтап кеткен

istockphoto.com

Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ

Павлодарда 6-сынып оқушысы №21 орта мектептің екі оқушысын пышақпен жарақаттады. Оқиға 11 қыркүйекте азық-түлік дүкенінің жанында болған.

«Алтыншы сынып оқушыларының бірі екі оқушыны пышақпен жарақаттаған. Олар бірден ешкімге ештеңе айтпаған, сол күні кешке сабаққа келмей, облыстық балалар ауруханасына барып, медициналық көмекке жүгінген. Онда пышаққа ұрынған жерлерін тігіп берген», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.