Жаңалықтар

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

istockphoto.com

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжам бойынша, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, елдің оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысыныңоңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.