Жаңалықтар

Түркістан облысында 50 адам эвакуацияланды

Түркістан облысының өрт сөндірушілері 50 адамды эвакуациялады.

Төлеби ауданының Ленгер қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлады turkystan.kz. "ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 50 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. 200 шаршы метр алаңда өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - деп жазды ТЖМ  баспасөз қызметі.