Қоғам

Жәнібек Әлімханұлы Мырзағали Айтжановтың туған күніне сыйлық жасады (ВИДЕО)

коллаж: turkystan.kz

Бүгін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Мырзағали Айтжановтың туған күні.

Кәсіпқой боксшы Мырзағали Айтжановқа шапан жапты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құдай қаласа дайындығын жақсы өтіп, көздеген титулдарыңа қол жеткізуіңе тілектеспін. Өзіңе жетпей тұрған «белбеулерге» ие бол. Елімізді, халқымызды қуанта бер», - деді туған күн иесі.

Мырзағали Айтжанов 2018 жылы Жәнібек Америкаға аттанған кезде ағалық қамқорлық көрсетіп, шетелдегі достарына қарайлап қоюды тапсырған. Ал бүгінде ол Жәнібектің келесі жекпе-жекке әзірлігі Қазақстанда өтетінін естігеннен кейін шәкірттерін ерте келіп, спарринг жасауға көмектесіп отыр. Бұл жайынды боксшының менеджері Берік Сұлтан айтты.