T-LIFE

COVID пандемиясы ми қыртысын жұқартқаны анықталды – зерттеу

сурет: amanatpartiasy.kz

Бұл жағдай жасөспірімдердің әл-ауқатына ерекше әсер еткені белгілі болды.

Вашингтон университетінің зерттеуі бойынша COVID-19 пандемиясы жасөспірімдердің миының қарқынды түрде қартаюына әкеп соғуы мүмкін, әсіресе бұл қыздардың миына әсер еткені анықталды, деп жазды euronews.com

COVID-19 пандемиясы кезінде көптеген адамдар үйде отыру тәртібі мен шектеулі әлеуметтік қарым-қатынасқа байланысты күнделікті өмірлерінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл жағдай жасөспірімдердің әл-ауқатына ерекше әсер еткені белгілі болды.

Енді Вашингтон университетінің зерттеушілері жүргізген зерттеу пандемия жасөспірімдердің миының дамуында әдеттен тыс өзгерістер тудырып, мидың жедел қартаюына себеп болғанын анықтады.

«Біз пост-COVID деректерінде мидың қыртысының қалыңдығы COVID-19 дейінгі модельдерден әлдеқайда төмен болғанын көріп таңқалдық, және бұл төмендеу әсіресе қыздарда айқын болды», - деді зерттеудің жетекші авторы, Вашингтон университетінің Ми және Оқу Институтының ғылыми қызметкері Нева Корриган Euronews Health басылымына берген сұхбатында.

Корриганның айтуынша, мидың қыртысының жедел жұқаруы бұрынғы зерттеулерде бала кездегі ауыр жарақаттармен, күйзеліс және немқұрайдылықпен байланысты болған, бұл зерттеушілерге мидағы бұл өзгерістердің локдаун кезіндегі күйзелістен туындаған деген болжам жасауға мүмкіндік берді.