Қызылорда облысында 15 қылмыстық топ ұсталды
Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде.
Тамыз айында ҰҚК материалдарының негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды.
Ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде.
Жалпы жыл басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Олар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды және оған қатысты, қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталуда. 20-дан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді.
Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде.